Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, кеше, 15 мамыр күні Словакия премьер-министріне қастандық жасалды. Reuters агенттігінің мәліметінше, үкімет отырысы өтіп жатқан Гандлов қаласында Роберт Фикоға шабуыл жасалған.