Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді, деп QazTimes Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.