Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін жол қозғалысы ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды QazTimes.kz тілшісі .
2023 жылдың қараша айының соңында «Ашық НҚА» сайтында жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізу жобасы пайда болды. Соның бірі жаяу жүргіншілердің рұқсат беретін сигнал бойынша жолды кесіп өту ережелеріне қатысты болды. Мамандардың айтуынша , егер ереже осы формада қабылданса, жаяу жүргіншілердің қиылыстарда жолды кесіп өтуі әлдеқайда қиындайды, өйткені олар бұрылу маневрін аяқтай алмай қалған көлікке жол беруге мәжбүр болады. Мамандар бұл тек кептелістер санын ғана емес, жазатайым оқиғаларды да арттыруы мүмкін екенін атап өтті.