Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды QazTimes.
21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен.
Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмады.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.