Қырғызстанның Ыстықкөл облысының кейбір аудандарында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, бірқатар жолды су басты.
Кырғыз Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті билік органдары, ТЖМ және жол қызметтері қатты нөсер жауған Жетіқұз, Ақ-Суй, Ыстықкөл, Тонск аудандарындағы автокөліктердің жүруіне шектеулер енгізді.
Томск ауданында су өткізгіш құбырларды су шайып кетті.
Бірқатар жол уақытша жабылды:
- Григорьевка – Григорьевка – Қашқа-Суу шатқалына апаратын жол (0-16 км);
- Бөкөнбаев – Көл-Төр – Дөң-Талаа, Көл-Төр – Қоңыр-Олон учаскесі (42-43 км);
- Тоғыз-Бұлақ ауылына апаратын жол;
- Ақ-Сай — Көк-Сай және Ақ-Терек — Дөң-Талаа жолдары;
- Балықшы – Бөкөнбаева – Қаракөл жолының учаскесі (60-70 км, Кескен-Бел учаскесі);
Осы жолдың 58-ші шақырымында Қызыл-Туу ауылындағы көпір апатты жағдайда, көлік қозғалысы шектелген.
Тоң және Жеті-Оғыз өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Табиғат апатының салдарын жою бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар жүргізіліп жатыр.