Ұлттық банк Ұлттық қор бойынша есепті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық қордың көлемі 2022 жылдың желтоқсанында 55,7 млрд долларды құраған. Яғни бір жылдың ішінде шамамен, қор 4,8 млрд долларға ұлғайған.
2023 жылдың ішінде Ұлттық қордың ең көп толыққан айы – шілде. Бұл айда Ұлттық қордың көлемі 60,2 млрд теңгеге ұлғайғанымен, алынған трансферттер есебінен қайта азайған. Айта кетейік, 2023 жылы қордан бөлінген трансферт 4 трлн теңгені құраған еді.
Алда қанша көлемде трансферт алынады?
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2024 жылға – 2 триллион теңге, 2025 жылға – 2 триллион теңге және 2026 жылға – 2 триллион теңгеге белгіленді. Сондай-ақ 2024 жылы Ұлттық қордан 1,6 триллион теңге республикалық ауқымдағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
Биылдан бастап балаларға
Еске сала кетейік, биылдан бастап қаржы министрлігі Ұлттық қордан қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға төленеді. Алдымен, 2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам бала Ұлттық қордың қаражатын оқу ақысын төлеуге немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалана алады.