«Тұран» университеті – өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Әрқашан талантты, дарынды және креативті талапкерлерді қолдауға ерекше мән беретін «Тұран» университеті «Тұран Үміті» ішкі білім беру грантын биыл да ұсынды,- деп хабарлайды SteppeNews.kz
«Тұран Үміті» – бұл жай ғана байқау емес, болашақ студенттің өзін танытуына, әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін нағыз шығармашылық алаң. Байқау жеңімпаздары университет рухының символына айналып, өз идеялары мен жобаларын дамытуға қолдау алады.
Бұл байқау жазғы қабылдау науқаны аясында өткізіліп, талапкерлерге бакалавриатта 1 жылдан 4 жылға дейін тегін оқу немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада елеулі жеңілдіктер алу мүмкіндігін береді.
Конкурсқа ҰБТ және КТ-дан жоғары балл жинаған, сондай-ақ оқу жетістіктері бар («Алтын белгі»), ғылым мен спортта табысқа жеткен немесе IELTS, TOEFL, SAT сияқты халықаралық тіл сертификаттарына ие талапкерлер қатысты.
«Тұран Үміті» гранты – бұл әрбір талапкердің талантын бағалайтын, табысқа сенетін және дамуға жағдай жасайтын мықты қауымдастықтың бір бөлігі болуға берілген шынайы мүмкіндік. Статистика байқаудың маңыздылығын дәлелдейді: 2024 жылы 132 студент грант иегері атанса, 2025 жылы олардың саны екі еседен артып, 318-ге жетті. Грант ұтып алған талапкердің бірі – Әнел Сыдықбек.
« Мен Тұран университетінің журналистика факультетіне «Тұран үміті» байқауы арқылы грант жеңіп алдым. Бұл менің арманым мен мақсатымның орындалуына жасалған алғашқы үлкен қадам. Осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін университет басшылығына, ұжымына және байқауды ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Журналистика жолындағы білім мен тәжірибені дәл осы жерде алатыныма қуаныштымын»,- дейді жас түлек.
Сонымен қатар, университетте тағы бір дәстүрлі конкурс – Grant Project жыл сайын қазан айынан мамырға дейін өткізіледі. Бұл байқауда бакалавриат талапкерлері өз қабілеттерін түрлі бағыттарда көрсетіп, толық оқу мерзіміне немесе 2 және 1 жылға грант иегері атана алады.
Байқау аясында қатысушылар келесі салаларда жетістіктерін көрсетеді:
— академиялық табыстар мен ғылыми жобалар,
— шығармашылық өнер көрсету,
— спорттық жетістіктер,
— көшбасшылық және әлеуметтік бастамалар.
Айта кету керек, университет өз студенттерінен үлкен үміт күтеді, олардың мүмкіндіктеріне сенеді және әрқайсысының әлеуетін ашуға жағдай жасайды. Жастарды қолдау арқылы «Тұран» университеті әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асырып, олардың болашағын бірге құруға атсалысады.