Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында 1 млн теңгеге жалданған кортеждегі бір көлік есігін ашып, қауіп тудырған
Әлеуметтік желідегі адамдар Түркістан облысының полициясына осы видеоны тексеруді сұраған. Видеода байқағанымыздай, көліктер Қарабұлақ ауылының маңынан өткен, алдыңғы қатардағы көлік есігін ашып тастаған.
«Бұларға заң жоқпа әлде бұл ауданда полиция жоқ па? Терезеден қол шығарсаң, айыппұлға көмілетін уақытта, Қарабұлақ ауылында көліктеріңнің есіктерін ашып қойып жүрсе де ешкім ештеңе демейтін сияқты», — деп жазды видеоға наразылық білдірген Сардар Әбдіжақия.
Редакция кортеж жүргізушілерінің әрекетіне қатысты Түркістан облысының полиция департаментіне сұрау жіберді.