Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.