Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды, деп хабарлайды Steppenews.kz Табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап.
Өз мақсаттарын іске асыру мақсатында кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған.
Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізіпи жатыр.