Сәуір айында Қазақстандағы қос ипотекалық ұйым – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» мен «Эскпресс Финанстың» таза пайдасы 21,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 17,5 млрд теңге болған. Ұлттық банк ипотекалық ұйымдарға қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады.
Айлық көрсеткіш 22,9%-ға өскен. 21,3 млрд теңге таза пайданың 21,24 млрд теңгесі – Қазақстан тұрғын үй компаниясына тиесілі. Ал «Экспресс Финанстың» таза пайдасы 32,7 млн теңгені құраған. Статистикада 1 сәуірдегі жағдай бойынша, бөлінбеген таза пайдасы 21 млрд теңгені құрайтыны жазылған.
Активтері наурыз айымен салыстырғанда 1%-дай өсіп, 1,51 трлн теңгеге жетті. Қос ұйымның міндеттемелер 1,25 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2,5%-ға артық. Бұл ретте Экспресс-Финанс міндеттемелері бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға азайса, ал ҚТҮК-нікі 2,5%-ға өскен.
«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» да, «Эскпресс Финанс» ұйымы да ипотекалық ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталына қойылатын талаптар үдесінен шығып отыр. ҰБ ипотекалық ұйымдардыі меншікті және жароғылық капиталы жеке-жеке 800 млн теңгеден кем болмауын талап етеді. «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» жарғылық капиталы 190,1 млрд теңгегі құраса, меншікті капиталы 266 млрд теңгеге тең. Ал «Эскпресс Финанс» Ипотекалық ұйымының жарғылық капиталы 900 млн болса, меншікті капиталы 1,4 млрд теңгені құрайды.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» – тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы және «Бәйтерек» ұлттық холдингінің құрамына кіреді. Экспресс Финанстың 2022 жылға арналған аудиттелген қаржылық есептілігінде компанияның түпкі иесі – Юлия Сыздықова, серіктестік басшысы – Санжар Сәбденов екені жазылған.