Алматының таулы аймағында қар көшкіні жүру мүмкін. Мұны қаланың Төтенше жағдайлар департаменті ескертіп отыр, деп хабарлайды QazTimes.
«Алматы — Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары, және — «Шымбұлақ — Тұйықсу мұздығы» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған.
Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 27 мың текше метрден асатын 23 қар көшкіндер өздігінен түсу жағдайлары орын алған. Зардап шеккен адам жоқ.
Қар көшкінінің 3 профилактикалық түсуі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 7 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді.
« Алматы қаласы ТЖД Қазгидрометтің қар көшкіні қатты дауылды ескертуі негізінде қатты жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының биіктігіне байланысты ағымдағы жылдың 17-18 қаңтар аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзіндерінің алаптарында қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты қарлы беткейлерге шықпауларыңызды сұраймыз, абай болыңыздар»,-деді қалалық ТЖД ТЖ алдын алу басқармаснының инженері Дамир Төлебаев.