Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан әйел адамның мәйіті табылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оның кім екендігі анықталып жатыр.
Марқұмды өлтірген күдіктінің кім екендігі әзірге белгісіз.
«Әйел адамның денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.