Мұнай бағасы бір апталық құлдыраудан кейін қайта өсті. Себебі Сауд Арабиясы үшінші ай қатарынан сату бағасын көтерген.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, бұл алда болатын ОПЕК+ отырысында мұнай тасымалдауды тағы қысқарту мәселесін талқылауға мүмкіндік береді.
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 83 доллардан жоғары көтерілді. West Texas Intermediate бағасы шамамен 78 долларды құрады. Saudi Aramco өзінің флагмандық Arab Light сортының ресми сату бағасын барреліне бұрынғы 90 центтен, 2,90 долларға дейін көтерді. Осыған дейін мамандар бұл марка мамырға қарай 60 центке қымбаттайды деп болжаған.
Өткен аптада мұнай арзандаған. Оған Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль қақтығысы әсер еткен. ОПЕК пен оның одақтастары келесі айдың екінші жартысында өз отырысында мұнай тасымалдауды қысқарту мәселесін әрі қарай талқыламақ. Осының қарсаңында Ирак пен Қазақстан өндірісті келісілген квоталарға сәйкестендіру үшін тасымалдауды қалай тежейтіні туралы жоспар жасауы керек.
Goldman Sachs компаниясы Brent бағасы барреліне 70-90 доллар шамасында қалыптасады деп болжаған.