Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған.
2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
«Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп жазды ТЖМ-нан.