Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры Қырғызстанның салық қызметіне 1,45 млн доллар грант бөледі деп жазды shutterstoc. Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы тұрақтандыру және даму қоры Қырғызстанның салық жүйесін жетілдіру үшін салық қызметіне 1,45 млн доллар грант бөледі.
«Салық төлеушілерді санатқа бөліп, «салық төлеушінің рейтингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және Қырғыз Республикасындағы салық төлеушінің цифрлық бейін модулін әзірлеу» жобасын іске асыру үшін ЕТДҚ гранттық негізде елге 1,45 млн доллар бөлді», – делінген қор хабарламасында.
Жоба Қырғыз Республикасының Мемлекеттік салық қызметінде салық төлеушілерді санаттау, оларды статистикалық және математикалық модельдерді пайдалана отырып сегменттеу, сондай-ақ салық төлеушінің цифрлық бейінді модулін әзірлеу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды көздейді.
Жүйені құру нәтижесінде бизнес жүргізудің ашықтығы қамтамасыз етіліп, республикадағы жалпы іскерлік ахуалды жақсартуға мүмкіндік болады деп күтілуде.
Бішкекке сапары барысында қор қызметкерлері Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі мен мемлекеттік салық қызметінің өкілдерімен кездесулер өткізіп, цифрлық инфрақұрылымның жай-күйін, оны алдағы жылдары жаңғырту жоспарларын талқылаған.
Айта кетейік, бұған дейін қор Қырғыз Республикасындағы салықты жүйеге институционалдық өзгерістерге қолдау көрсетіп, 2022 жылы тұрақтандыруды қаржыландыру шеңберінде 160 млн доллар грант бөлген.
Жалпы қор жұмыс істеген кезден бастап, Қырғызстанды дамытуға 660 млн доллар қаржы бөлінген. Бұл қаржыға осыған дейін Бішкек-Ош автомобиль жолын жөндеу, Тоқтоғұл ГЭС-ін жөндеу, Қамбарата ГЭС-2 гидроагрегатын пайдалануға беру, медициналық мақсаттағы 100-ден астам автокөлік сыйлау, Ош облысындағы ауылдарды сумен қамту сынды жобалар іске асырылған.
ЕТДҚ қоры туралы
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры — 2009 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері құрған көлемі 9 млрд долларға жететін өңірлік қаржы тетігі. Қор теріс дағдарыстық салдарларды еңсеру, ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Қатысушы мемлекеттердің қорға қосқан жиынтық үлесі 8,513 млрд долларға жеткен. Бұл соманың он пайызы қордың шотына ақшалай қаражатпен, тоқсан пайызы — қатысушы мемлекеттердің жай, айналымсыз және пайызсыз вексельдері түрінде енгізіледі. Осыған дейін қорға Ресей 7,5 млрд доллар, Қазақстан 1 млрд доллар, Беларусь 10 млн доллар, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстан 1 млн доллардан құйған.
2023 жылы ақпан айының ортасында Еуразия тұрақтандыру және даму қорының (ЕТДҚ) егемен қаржыландыру деректер базасында (SFD) жарияланды. Бір ресурста қор 16 донордан — өңірде жұмыс істейтін ірі халықаралық даму институттары мен агенттіктерден қаражаттың түсуі туралы жалпылама ақпарат берген. Деректер базасында донорлық ұйымдардың веб-сайттарындағы жобалар туралы ашық дереккөздердегі ақпарат қана қамтылған. Тұсаукесер барысында SFD жасаушылар деректер базасында тек тәуелсіз қаржыландыру, яғни жеке секторға емес, үкіметтерге түсетін түсімдер туралы деректер бар екенін атап өтті. Ол халықаралық ұйымдардың (БҰҰ сияқты) және жеке қорлардың гранттары мен гуманитарлық көмегінің көлемін есепке алмайды.