Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыстың 54 фактісін анықтады, деп хабарлайды QazTime.
Әкімдіктің мәліметінше, 44 объект бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр.
«Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енді, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізілуде. Бұған дейін атап өтілгендей, 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 бұзушылық анықталды», — делінген хабарламада.
Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты.