Алматыда қаланың қақ ортасында құрылыс заттарына толы қойма өртенді, деп хабарлайды QazTimes
Ішінде лак-бояу өнімдері де болғандықтан қызыл жалын бірден шарпып кеткен. 500 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіруге 21 техника, 100-ден астам адам жұмылдырылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Өрт сөндірушілері 6 минутта жетіп, оны жарты сағатқа жетпей ауыздықтап үлгерді.
Оқиға 14 қаңтар 20 сағат 25 минутта Алмалы ауданы, Әуезов к-сі, 2/8а мекен-жайында орын алған.
«Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады, өртті сөндіру қойма жайлары тез жанғыш бұйымдаға лық толған (битум, лак-бояу) себебінен қиындатты. Өрт орнында штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды. Өртті сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллон эвакуацияланды»,-деді Қалалық ТЖД « Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Тілеуберді Мәдиев.