Мадрид қаласында «Джин Гу» атты қытай мейрамханасы жабылды. Онда аспаздар үйректің орнына көшеде ұсталған көгершіндерді пайдаланған. Бұл туралы STEPPENEWS.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құстарды алмастыру дерегін полиция анықтаған, деп жазады The Sun. Тексеру барысында тәртіп сақшылары келушілердің денсаулығына қауіп төндіретін өрескел санитарлық талап бұзушылықтарды да әшкереледі. Мейрамханадан шығу тегі белгісіз ет салынған ыдыстар мен жұлынған көше көгершіндері толтырылған үлкен тостағандар табылған.
«Салмағы 300 келіге жуық барлық өнім тиісті сақтау талаптарын сақтамай сақталған», – делінген жарияланымда.
Сонымен қатар, ас әзірлейтін аумақтарда тарақандар жүргені, ал еденде егеуқұйрықтарға арналған қақпандар шашылып жатқаны анықталған. Бұдан бөлек, мейрамханада қорғауға алынған жануарлар санатына жататын ет түрлері де табылған.

