STEPPENEWS.KZ: Дональд Трамп АҚШ Қорғаныс министрлігіне белгісіз ұшатын нысандар мен жерден тыс өмірге қатысты құпия файлдарды ашуды тапсырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Айта кететін жайт, жақында ғана АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманы өзге планеталықтар туралы құпия мәліметтерді жариялап жіберді деп айыптаған болатын. Сол кезде экс-президент өз басқаруы кезінде инопланетяндардың бар екеніне тікелей дәлел көрмегенін, бірақ олардың бар екеніне сенетінін айтқан еді.

