STEPPENEWS.KZ: АҚШ билігі иммиграциялық визалар беруге арналған грин-карта лотереясы бағдарламасының (DV) жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл шешім Браун университетінде болған атыс оқиғасынан кейін қабылданды. Бұл туралы CBS NEWS телеарнасы хабарлады.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің айтуынша, Браун университетіндегі атысқа және Массачусетс технологиялық институтының (MIT) профессорының өліміне күдікті Невес Валенте шамамен сегіз жыл бұрын елге дәл осы грин-карта лотереясы арқылы кірген.
Министрдің мәлімдеуінше, бұл қылмыскерге АҚШ аумағына кіруге ешқашан рұқсат берілмеуі тиіс болған.
— Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша мен АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметіне DV бағдарламасын дереу тоқтатуды жүктедім. Мұндай қайғылы салдары бар бағдарламадан америкалықтар бұдан былай зардап шекпеуі керек, — деді Кристи Ноэм


