STEPPENEWS.KZ: Бірінші арнаның «Повара на колесах» тележобасы Қазақстанды кеңінен таныстырды. Алматының гастрономиялық әрі туристік мәдениетіне арналған шығарылым эфирге шықты.
Бағдарлама барысында танымал шеф-аспаздар мегаполистің асхана дәстүрімен, тарихымен және туристік инфрақұрылымымен танысты. Көрермендер Алма-Арасан шатқалындағы шипалы қайнар көздерді, жаяу жүргіншілерге арналған Арбат көшесін, Көк базарды және ұлттық тағамдар ұсынатын AUYL мейрамханасын тамашалай алады.
Осы аптада, жексенбі күні, Астананың мәдени және гастрономиялық ерекшеліктеріне арналған жеке шығарылым көрсетіледі.
Тележобаның түсірілімі өткен жылы болған. Бағдарлама халықаралық аудиторияға еліміздің мәдени көрікті орындарын, гастрономиялық дәстүрлерін және туристік әлеуетін таныстыруға бағытталған.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда бірқатар халықаралық тревел-жобалар да түсірілді. Олардың қатарында Euronews Travel, Amazon Prime Video және Францияның M6 телеарнасы бар.

