STEPPENEWS.KZ: Түркияның Анталия қаласында өткен «Turkiye Open» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Камиля Досмалова үздіктер қатарынан көрінді. G-2 санатына жататын бұл беделді жарыста әлемнің 21 елінен жиналған ең мықты 175 таеквондошы өзара бақ сынасты.
57 келі салмақта өнер көрсеткен алматылық спортшы турнир барысында ерекше дайындығын байқатып, жүлдегерлер қатарына қосылды. Қоржынға қола медаль салған Камиля бұған дейін Париж Паралимпиадасында 5-орын иеленіп, әлемдік рейтингтегіге шыққан еді.
Мамандардың айтуынша, бұл жеңіс — отандық пара таеквондо мектебінің халықаралық деңгейдегі кезекті жетістігі. Камиля Досмалованың шеберлігі Алматы спорт мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте паш етті.

