STEPPENEWS.KZ: Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдеге қол жеткізді.
Скиттен аралас жұптық сында ел намысын қорғаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль иеленді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы алтын жүлдені жеңіп алды. Күміс медаль Корея спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, чемпионат 22 қаңтарға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 17 елден 196 спортшы қатысып жатыр.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар 4 жүлде еншілеген болатын. Скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын медаль алса, Ольга Хайлова қола жүлдеге ие болды. Командалық сайыста әйелдер құрамасы жеңіске жетті. Ерлер командасы қола медаль жеңіп алды.

