STEPPENEWS.KZ: Қысқы маусым тек аяз бен қар ғана емес, бұл – нағыз адреналин! Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген ауылының тұрғындарымен бірге «Көңілді қыс» атты қысқы сырғанау маусымын ұйымдастырды.

Арқан тартыс, қол күрес, және гир тасын көтердуден спорттық түрлі жарыстар шараның көркін қыздырды. Көңілді сайысқа – қатысушылардың ешқайсысы аянып қалған жоқ.

Бастысы эмоция сыйлады. Аяз бетті шымшыған суық болсада, дала өте «ыстық» болды! Себебі балалар қысқы маусымды ерекше спорттық мерекемен бастады. Ауыл үлкендері де, жастары да барлығы осында сырғанап жүр. Түрлі ойындарда бақ сынаған төрт мектептің оқушыларыда мәз. Әркімнің жүзінде күлкі, бойында сергектік бар. Олар бірге жығылды, бірге тұрды және бірге мәреге жетті. Спорт – біріктіретін күш. Ал, бақыт осындай сәттерден тұрады. Бүгінгі күннің естеліктері олардың бала көңілдерінде ұзақ сақталары сөзсіз.

