STEPPENEWS.KZ: Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) 51-ші УЕФА Конгресі 2027 жылғы 4 наурызда Қазақстан астанасы — Астана қаласында өтетінін ресми түрде мәлімдеді.
Бұл шешім Брюссель қаласында өткен УЕФА-ның мерейтойлық 50-ші Конгресінде жарияланды. Конгресс жұмысына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.
УЕФА Конгресі — ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін бұл жиынға Еуропаның 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері жиналады. Конгресс аясында еуропалық футболдың стратегиялық дамуына қатысты негізгі шешімдер қабылданып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге байланысты сұрақтар қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшылық құрамына сайлау өткізіледі.

