STEPPENEWS.KZ: Халықаралық Vogue басылымының редакторлары Қазақстанды 2025 жылы әлемдегі ең үздік ТОП-14 туристік бағыттың қатарына қосты.
The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 атты іріктеуде басылым ұжымы бір жыл бойғы саяхаттарын саралап, өздеріне ең ерекше әсер қалдырған бағыттарды атаған. Vogue редакторлары Қазақстанды табиғи ландшафттардың әсемдігі, аутентикалық мәдениеті және заманауи қалалық кеңістіктің үйлесімі үшін жоғары бағалады. Айта кетейік, бұл тізімге Қазақстанмен қатар көршілес Қырғызстан да енген.
«Осы күзде мен бір жылдан астам уақыт бойы Reels лентасында маза бермеген бағытқа ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жол мен екі рет ауысып мінуден кейін мен Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл қандай да бір адамдардың үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ соған әбден лайық мекен», — деп атап өтіледі материалда.
Редакторлардың назарын Алматының сәулеті, заманауи қалалық кеңістіктер, Іле Алатауы тауларының көркем пейзаждары, ұлттық асхана аударды.

