STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жаңа жыл қарсаңында кең таралған «Құпия Санта» ойынына қатысты пікір білдірді. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, дін мен дәстүрде «Құпия Санта» ұғымы жоқ. Сондықтан бөгде мәдениетке тән түсініктерді қабылдап, оны кеңінен насихаттағаннан гөрі, адамдардың арасындағы сыйластық пен бауырмалдықты арттыратын ұлттық салт-дәстүрлерді және исламның асыл құндылықтарына негізделген ұстанымдарды дәріптеу маңызды.
Діни басқарма сондай-ақ Жаңа жылдың діни мереке саналмайтынын атап өтті. Дегенмен, оны жылдың басталуы ретінде қабылдап, бұл кезеңді жақсылыққа бастайтын игі істерге, бір-біріне ізгі тілектер айтуға, дұға-тілекке арнауға болады дейді.
Мүфтияттың түсіндіруінше, бастысы — қоғамда береке-бірлікті нығайту, өзара құрмет пен мейірімділікке мән беру. Осы тұрғыда ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды алға шығару әрдайым өзекті.
Ал сіз биыл Жаңа жылға орай достарыңызбен «Құпия Санта» ойнауды жоспарлап отырсыз ба?

