Сунь Ихуэйдің (kiva) орындауында қазақтың классикалық халық әні «Қара торғай», қытай мен шетелдің музыкалық платформаларына шықты. Бұл — оның қазақ тіліндегі екінші әні.

Әннің жаңа нұсқасын «Shanghai Starsing Culture Communication Co., Ltd» компаниясы өңдеген. Музыкалық аранжировка, дәстүрлі әннің байырғы әуенін аспаптық сүйемелдеу мен ырғақтың өзгерісі арқылы, заманауи элементтермен үйлестірген. Осының нәтижесінде ежелгі қазақ композициясы, жаңа дыбысқа ие болып, шетел тыңдармандарына жақындай түсті.
Сунь Ихуэй үшін қазақ тілінде ән шырқау шығармашылық тұрғыда қиын болған. Бұрын соңды қазақ тілін мүлде меңгермегендіктен, әннің дұрыс айтылуы мен интонациясына көп уақыт бөлді. Әнші қазақ тілінің ерекше дыбыстық ережелерімен жұмыс істеу «құпия код» сияқты болғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл процесс әншіге музыканың кез-келген «тілдік бөгеттерді» жоятын әмбебап екеніне көзі жеткен.
Сунь Ихуэй әннің айтылуын ыждағаттылықпен реттеген. Ол «Іле ән және би» театрының тәлімгері Кулянда Османға ерекше ризашылығын білдірді. «Мен ән айтқан кезде, әуеннің әсерінен бейтаныс болған сөздер, ерекше жылулыққа ие болды», — деп бөлісті әнші. Ол әнмен жұмыс істеу арқылы шығарманың мәдени мәнін тереңірек түсінген. Қара торғай бейнесін елестетіп, табиғат пен шынайы сезімді үйлестіріп шабыттанған.

Оның дауысында жасанды әсірелеу жоқ. Керісінше, ол қазақ даласының атмосферасын жұмсақ, әрі жеңіл жеткізеді. Алыстан малдың мөңірегені, жайлаудың лебі сезілгендей болады. Біз заманауи технологилар арқылы «Қара торғай» халық әніне жаңа тыныс беруге тырысамыз. Сонымен қатар, Қытайдың бірегей мәдениеті халықаралық сахнада жаңа үнмен естіледі деп сенеміз.
«Shanghai Starsing Culture Communication Co., Ltd.» басшысының айтуынша, қазақ музыкасы — Қытай мәдени мұрасының жарқын інжу-маржандарының бірі. Біз заманауи технологилар арқылы «Қара торғай» халық әніне жаңа тыныс беруге ұмтыламыз. Бұл жұмыс көп адамға қазақтың музыкалық дәстүрінің сұлулығын ашатын есік болады деп үміттенеміз. Сонымен бірге Қытайдың бірегей мәдениеті халықаралық сахнада жаңа үнмен естіледі деп сенеміз.
Жаңа әннің релизі — кең аудиторияға қазақ музыкалық дәстүрін жеткізуге, сондай-ақ мәдени диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған тағы бір қадам.
