STEPPENEWS.KZ: PR-маман әрі блогер Алишер Елікбаев Астана–Алматы бағытындағы тұрақты әуе рейсінде Дариға Назарбаеваны көргенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Елікбаевтың айтуынша, ол ұшақта ұйықтап қалған, ал қонуға аз қалғанда оянғанда қасында Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы отырғанын байқаған.
«Мен оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ әуеге көтерілгенде ұйықтап кетіппін, қонарда оянсам, жанымда Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол Назарбаеваны жеке күзетші ертіп жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, күзетшінің бойы өзімен шамалас болғанымен, дене бітімі әлдеқайда ірі.

