2026 жылғы 21-22 қарашада Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Шара Шевченко көшесінің Пушкин және Қонаев көшелері аралығында өтеді деп жазады, SteppeNews.kz

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Абай облыстарының фермерлері мен тауар өндірушілері қатысады.
Келушілерге 100 тоннадан астам ет өнімі және 50 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады. Олардың қатарында көкөністер, сүт және балық өнімдері, шұжық түрлері мен бал бар.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеде отандық өнімдерді нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағаға сатып алуға болады.

Іс-шараның мақсаты – қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тұтынушыларға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.
Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келесі материал: Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды кеңейтеді
