STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысы қоғамда деструктивті мазмұндағы ақпаратты таратуға қатысты құқықтық жауапкершілікті азаматтарға тұрақты түрде түсіндіру қажет екенін айтты.
Президенттің сөзінше, кейбір адамдар қоғам ішінде әдейі алауыздық туғызып, азаматтарды бір-біріне қарсы қоюға тырысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай әрекеттер қауіпті пікірталастарға ұласып, онда өшпенділік тілі басым болатынын атап өтті. Сонымен қатар, жасанды интеллект заңға қайшы контентті жаппай өндіретін құралға айналып бара жатқанын жеткізді.
Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды. Осындай адамдардың қызметіне құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет, – деді Президент.

