Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин екіжақты кездесу өткізді.
ВВС жазуынша, жиын бір сағат 40 минутқа созылып, жоспарлағаннан ұзаққа созылды. Кездесу аяқталған соң екі көшбасшы да ресми мәлімдеме жасамады.
Трамп Вашингтонға қайтып барады, ал Си АТЭС саммитіне қатыспақ.
Жабық есік артында өткен келіссөздерде үш негізгі тақырып талқыланған:
- Кедендік тарифтер – Трамп Қытайдан келетін импортқа салықты төмендетуге дайын екенін білдірді.
- Сирек металдар мен ЖИ чиптері – АҚШ қауіпсіздік мақсатында кейбір чиптердің шетелге сатылуын шектегісі келеді, ал Қытай бұл чиптерді өндіруге қажет сирек металдардың көп бөлігін өз бақылауында ұстап отыр.
- TikTok – америкалық сегментін сату бойынша келісім қарастырылады
Кездесуде әлемдік маңызы бар басқа мәселелер кейінге ығыстырылған.

