Әлеуметтік желіде әнші Ақылбек Жеменейдің бала кезіндегі видеосы кең таралуда.
Видео кадрларында әнші өзі қатарлы баламен бірге ән салып жатқанын көруге болады. Жас таланттардың өнеріне үлкендер сүйсініп, қошемет көрсеткен. Жиналғандардың бірі әмиянынан 200 теңге шығарып, Ақылбек Жеменейдің қалтасына салған.
Кадр сыртындағы ер адам бұл видеоны 1995 жылы түсіргенін айтады. Сондықтан, 200 теңгенің сол кездегі құны қазіргідей болмағаны белгілі.
«Ол кезде 200 теңгеге 6 сотық жер алғанбыз», «Манты, бәліш ол кезде 5 теңге еді ғой», «200 теңге көп ақша еді», «200 теңге 5 доллар болған», — деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, жуырда әнші Төреғали Төреәліге 7,5 млн теңгенің Rolex сағаты сыйға тартылды. Әнші өзінің 33 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті.