STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда пойыздар мен ұшақтарда спутниктік интернет іске қосылады.
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев алдағы уақытта «Қазақстан темір жолы» компаниясының пойыздары мен Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында спутниктік интернет қолжетімді болатынын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда нарықта Starlink, OneWeb және отандық KazSat спутниктік жүйелері жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылдан бастап спутниктік интернет қызметін көрсететін тағы екі жаңа оператор іске қосылады. Олар — америкалық Amazon Kuiper және қытайлық Spacesail компаниялары.

