Сенаттың жалпы отырысында депутаттар президенттің Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын қарады.
Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот судьялары Ғабит Әлжанов, Роза Жақудина және Тыныштық Молдахметова қызметінен босады.
Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе алдын ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланған.
«Комитет отырысында мәселе жан-жақты қаралып, сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынысын қолдау туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Ғабит Үмірханович Әлжанов 2023 жылғы 29 маусымда Сенат қаулысымен ҚР Жоғарғы сотының судьясы болып тағайындалған. Ол әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының құрамында болған.