Жетісу облысында 17 жыл бойы халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды, ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап хабарланды.
«Талдықорғанда полицейлер республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады», — делінген хабарламада.
Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі.
Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануға тиіс қағидасы екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертті.
