SteppeNews.kz: Дүйсенбі күні Жапонияның солтүстігі мен солтүстік-шығыс өңірлерінде қуаты 7,5 магнитудаға жеткен алапат жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінен кейін билік цунами қаупін ескертті, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Мамандар алғашында зілзала қуатын 7,4 балға бағалаған еді, кейін бұл көрсеткіш 7,5-ке дейін нақтыланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жедел қызметтер жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

