Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, travel-блогер Сәкен Қағаров, өзін алаяққа алданғанын айтты.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеограф әріптесінің Сәкен Қағаровтан камера сатып алып, бірақ ақшасын өтемей кеткенін жазды.
«Өте жақын танысыма сатқан едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде», — деді блогер.

Сәкеннің айтуынша, танысы қарызын бір-екі күнде қайтаруға уәде берген, алайда бірнеше ай өтсе де, сатып алған заттың ақысын қайтармаған.
Сәкен Қағаровтың жазбасына көпшілік қолдау білдірді, тіпті дәл осы адамнан зардап шеккендер де анықталды.
«Ол бұрын бізден техника жалдап, ақшасын төлемей кеткен. Біз оған хабарласа алмадық», «бұл видеографты құрметтейтін едім, оның курстарын сатып алдым. Өкінішке орай тамыз айынан бері байланыса алмай қалдым. Тек 5 сабақты онлайн көре алдым», — деп жазған желі қолданушылары.
