Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша П.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Соттың мәліметінше, 2011 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы 2 қыркүйектен бастап белгісіз себептермен мектепке бармаған. 2025 жылғы маусым айында әйел дәл осындай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі бойынша, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза қарастырылған.
Әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін, кінәсін мойындағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті.
Сот қаулысымен азаматша П. кінәлі деп танылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
