Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңа аптадағы әлемдік рейтингті жариялады, 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші орында бұрынғысынша Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Екінші орында — Польшадан Ига Швёнтек, ал үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеді.
«Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Өткен аптада ол Токиода өткен турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Соған қарамастан Рыбакина WTA маусымдық қорытынды турниріне жолдамасын ертерек алған болатын», — деп жазды портал.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеті орын төмендеп, әлемдік рейтингте 76-орынға түсті.
Ал жұптық сында көш басында чехиялық Катержина Синякова тұр. Екінші орында — америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық теннисшілер Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөліседі.
Қазақстан атынан өнер көрсететін жұптық теннисшілер арасында Анна Данилина өз орнын сақтап, 13-сатыда қалды. Юлия Путинцева бір орын төмендеп — 104-ші, ал Жібек Құламбаева үш сатыға сырғып, 134-орынға тұрақтады.
