STEPPENEWS.KZ: Ресей президенті Владимир Путин мамыр айының соңында Астанаға мемлекеттік сапармен келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесу барысында әріптесін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысына қатысуға шақырды. Кремль мен Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Ресей басшысы бұл шақыруды қабыл алып, мамыр айының соңында елордаға келетінін растаған.
Кремль мен Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Ресей басшысы бұл ұсынысты қабылдап, елордаға келетінін растаған. Мемлекеттер басшыларының диалогы достық пен өзара сенім жағдайында өтіп, тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі деңгейіне жоғары баға берді. Президенттер бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде қалай орындалып жатқанын саралап, ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті.
Экономикалық байланыстардан бөлек, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әсіресе, ортақ ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызы сөз болып, бұл бағыттағы жұмыстарға оң баға берілді. Сондай-ақ қос көшбасшы халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылап, алдағы уақытта да тығыз байланыста болуға келісті.

