Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында түрлі баптар бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 83 адамды ұстаған. Олардың көбі — пара алғандар.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеуінше, 83 факт келесі баптар бойынша тіркелген:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;
- 190-бап (алаяқтық) – 16;
- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
- 206-бап (ақпаратты түрлендіру) – 1;
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;
- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
- 366-бап (пара алу) – 26;
- 367-бап (пара беру) – 11;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;
- 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;
- 433-бап (қылмыстық құқық бұзу фактісін жасыру) – 2.
Сонымен қатар, комитет 54 адамның ісін сотқа жіберген. Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзған және дербес деректер туралы заңнаманы бұзған бір адам, «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу» бабы бойынша бір адам, «Алаяқтық» бабы бойынша 17 адам, «Пара алу» бабы бойынша 19 адам, «Пара беру» бабы бойынша 11 адам және «Парақорлыққа делдал болған» бес адамның ісі сотқа жіберілген.

