Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі қылмысының алдын алу үшін осы облыстың жастарына, әсіресе, кәмелет жасына толмаған балаларды есірткі тұтынуға итермелеген, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, есірткі сатқан екі жігітті жеті мыңға жуық адамның көзінше 18 және 16 жылға соттады.
Онлайн форматта өткен сотты 6 мыңнан астам студент пен 600-ге жуық оқытушы көрген.
«Ұлытау облысының прокуратурасы жастар мен педагогтерге есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жарнамалаудың қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін түсіндірді», — деп хабарлайды прокуратура.
