Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дивизиясында армениялық Арман Царукян және жаңа зеландиялық Дэн Хукер айқасады. Ал екінші басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы америкалық Белал Мұхаммед ирландиялық Иэн Мачадо Гарриге қарсы шығады.
Сондай-ақ, осы кеште қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Асу Алмабаев және Бекзат Алмахан шаршы алаңға шығады.
Турнирдің негізгі карды келесідей:
Жеңіл салмақ: Арман Царукян (Армения) — Дэн Хукер (Жаңа зеландия) ;
Жартылай орта салмақ: Белал Мұхаммед (АҚШ) — Иэн Мачадо Гарри (Ирландия);
Бірінші ауыр салмақ: Волкан Өздемир (Швейцария) — Алонзо Менифилд (АҚШ);
Аса жеңіл салмақ: Фелипе Лима (Бразилия) — Дэниел Маркос (Перу);
Аса жеңіл салмақ: Бекзат Алмахан (Қазақстан) — Александр Топурия (Грузия);
Ең жеңіл салмақ: Алекс Перес (АҚШ) — Асу Алмабаев (Қазақстан);
Ауыр салмақ: Сергей Спивак (Молдова) — Шамиль Гаджиев (Бахрейн);
Бірінші ауыр салмақ: Абдул-Рахман Яхьяев (Ресей) — Рафаэль Серкейра (Бразилия);
Жартылай жеңіл салмақ: Богдан Град (Австрия) — Люк Райли (Англия);
Орта салмақ: Исмаил Наурдиев (Морокко) — Райан Лодер (АҚШ);
Ең жеңіл салмақ: Тагир Ұланбеков (Ресей) — Киодзи Хоригучи (Жапония).
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ерұлан Қабдулов ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды.

