Түркістан облысы Отырар ауданындағы үш қабатты көппәтерлі үйде газ жарылды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, үйдегі бір пәтердің иесі пәтеріне жасырын жолмен газ тартқан. Құбыр теріс салынғандықтан, газ тараған.
«Жарылыс кезінде бір адам жараланды. Бірнеше пәтерге зақым келді, газды жаптық. Оқиға орнында мамандар жүр», — деп хабарлаған компания.
«Отырар» телеарнасының кадрларынан үш қабатты, оншақты пәтері бар үйдің бір жағы опырылып кеткенін көруге болады.

 
