Бес күнге созылған шараға үш елдің төтенше жағдайлар қызметкерлері атсалысты. Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстанның ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 16 операторы қатысты.
Тренинг бағдарламасына теориялық сабақтар мен практикалық жарыстар кірді. Олар бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, табиғи және техногендік ортада зардап шеккендерді іздеу, тестілеу, дронды жинау және суда іздеу.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, еліміздің құтқарушылары үздік нәтиже көрсетті.
— Тренинг тәжірибе алмасу, ведомстволар арасындағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ мамандардың кәсіби дайындығын арттыру алаңына айналды. Назар ұшқышсыз ұшу аппаратарын табиғи апаттардың салдарын жойып, зардап шеккендерді іздеуден бастап сел ағындарын, қар көшкіндерін, сырғымалар мен су тасқынына мониторинг жүргізуге дейін қолдануға аударылды, — делінген ақпаратта.
Бұған дейін, ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және қосымша төлемдер қалай төленетінін жазған болатынбыз.

