STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заңдылық пен тәртіпті нығайтуға елеулі үлесін қосқан бірқатар тұлғаға мемлекеттік наградалар табыстады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, марапатталғандар арасында жоғары лауазымды шенеуніктер, депутаттар мен медиа саласының өкілдері бар.

Награда алғандардың қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент палаталарының төрағалары Ерлан Қошанов пен Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин бар. Сонымен қатар вице-премьер Аида Балаева, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров және құқық қорғау блоктарының басшылары Берік Асылов пен Ержан Сәденов те марапатталды.

Депутаттық корпустан Айдос Сарым мен Ринат Зайытов Президент қолынан марапат алса, шығармашылық пен журналистика саласынан Армангүл Тоқтамұрат, Ерқанат Көпжасар, Азамат Әбілқайыр, Ернұр Бурахан және ақын Мұхтар Нияздың еңбегі еленді.

