STEPPENEWS.KZ: 9 наурыз күні Алматы қаласында ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында айтылды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — желдің болмауы немесе өте әлсіз болуы, тұман және ауа қабаттарының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, ауаның ластану деңгейін арттырады.
Осындай жағдайда мамандар тұрғындарға ашық ауада көп жүрмеуге кеңес береді, әсіресе ірі жолдардың маңында немесе ластану көзі болуы мүмкін жерлерде абай болған жөн.
Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені дұрыс.

