STEPPENEWS.KZ: Түркістан облысында ауыл шаруашылығы кооперативінің төрайымы бюджеттен бөлінген субсидияларды заңсыз иемденгені үшін сотталды.
Прокуратураның мәліметінше, 2021 жылы ол жүйеге селекциялық жұмыс жүргізу үшін 2470 сиыр мен 120 асыл тұқымды бұқаны жалға алды деген жалған деректер енгізген. Осы мәліметтердің негізінде кооператив бюджеттен 24,7 млн теңге субсидия алған.
Алайда шын мәнінде селекциялық жұмыстар небәрі 450 сиыр және 18 бұқамен ғана жүргізілген. Соның салдарынан 20,2 млн теңге субсидия заңсыз алынғаны анықталды.
Сот үкімімен әйел 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Заңсыз алынған барлық қаражат мемлекетке қайтарылды.

